Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қаралы қаңтар: Әкімшілік құқықбұзушылық үшін қамауға алуды қолданбау ұсынылды

2022 жылдың 17 қаңтар 2022 21:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Адам құқықтары жөніндегі хартия» қоғамдық қорының басшысы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Жеміс Тұрмағамбетова әкімшілік құқықбұзушылық жасаған азаматтарға қамауға алудың орнына баламалы шаралар қолдануды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысты түрлі құқықбұзушылық бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтап, олардың ауыр қылмысы болмаса, жазаны жеңілдету шараларын қабылдау туралы Бас прокуратураға берген тапсырмасы өте дұрыс деп санаймын. Құқық органдарының істеп жатқан жұмыстарына кедергі жасамайық. Байқаусыздан осы жағдайға ұшыраған мұқтажы төмен адамдарға көмек көрсетуге шақырамын», - деді Ж. Тұрмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикер жаппай тәртіпсіздік күндері жорамалдардың жолын кесіп, қазіргі ахуал мен құқық қорғау органдарының іс-әрекеттерін бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуіміз керектігін айтты.

«Бұл үшін Төтенше жағдайлар мен жаппай тәртіпсіздіктер бойынша жұмыс тәжірибесі бар тәуелсіз сарапшылардың назарын аудару маңызды. Барлық болған жағдайды, әсіресе арнайы құралдар мен атыс қаруын қолдану бойынша жағдайды қарау үшін халықаралық сарапшыларды тарту мүмкіндігін қарастыру керек. Бас және төмен тұрған прокуратуралар барлық әкімшілік құқықбұзушылық үшін ұсталғандардың материалдарын шұғыл түрде қарап қана қоймай, әкімшілік құқықбұзушылыққа кінәлілерге қатысты қарауды, яғни қамауға алудың орнына баламалы жазалау шараларын қолдану мәселесін жеделдетуі керек», - деді Ж. Тұрмағамбетова.


Жоғары қарай