Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарамағындағы қызметкер жемқорлыққа жол берген СҚО әкімінің орынбасары қызметінен кетті

2020 жылдың 30 шілде 2020 17:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Антон Федяев қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлығы үшін отставкаға кетті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен аптада қарамағындағы қызметкерлер үшін басшылардың отставкаға кетуі туралы заңнамалық норманың орындалуына мониторинг жүргізу аясында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. Федяев отставкаға кетті. Ол облыс әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Қалабаевқа қатысты Петропавл қалалық сотының үкімінен соң кетті. Қалабаев кінәлі деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды және оған 26 млн 600 мың теңге айыппұл салынды», - дейді агенттіктің баспасөз қызметі.

Агенттіктің хабарлауынша, отставканы қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешімді мемлекеттік орган немесе мемлекеттік саяси қызметшіні осы лауазымға тағайындаған лауазымды тұлға бір ай ішінде қабылдайды.


Жоғары қарай