Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин: Ақтауда кафе-барлар жұмыс істеуін тоқтатпай тұр

2021 жылдың 17 сәуір 2021 12:26

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда карантин талаптарының орындалуын қадағалау бойынша мобильді топтар жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері дүкендерді, сауда орталықтарын, мейрамханаларды және басқа да кәсіпкерлік субъектілерін тексеруде.

17 сәуір күні түнде әкімдік өкілдері мен Ақтау қалалық маслихат депутаттары өткізген рейд кезінде түнгі 24:00-ден кейін жұмыс істеп тұрған Ақтаудағы атақты «Perfect Relax» рестораны, «Байер» лаундж бары, «El Divino» рестобарында адам лық толы екені анықталды. Онда маскалық режим мен әлеуметтік арақашықтық сақталмаған. «Золотой Дракон» кафесі санитарлық талаптарды мүлде ескермеген.

Осы және өзге де тәртіп бұзушылықтар ресми түрде тіркеліп, дәмхана қожайындарына хаттама толтырылды. Әрі қарай тиісті шара қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына жолданды.

Мониторинг тобының өкілдері санитарлық талаптарды орындамай, адамдар өмірін қауіп төндіргендер жауапқа тартылатынын ескертеді.

Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу бірнеше рет қайталанған жағдайда, ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін уақытша тоқтата тұру шарасы қолданылады.


Жоғары қарай