Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

КАРАНТИН: Алматыда ашық тұрған сауда орнының басшысы 5 тәулікке қамалды

2020 жылдың 23 наурыз 2020 15:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 14 тұлға жауапқа тартылды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, қоғамдық орын болып табылатын кәсіпорын басшылары тәртіпті бұзған.

«Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, кейбір кәсіпкерлер штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастырып жатыр екен. Оның ішінде тұрғындар тарапынан «Восход» сауда орны ашық тұрғаны туралы шағым келген болатын. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2020 жылғы 21 наурыздағы қаулысымен «Arai Cash» ЖШС басшысы («Восход» сауда үйінің меншік иесі) ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауапкешілікке тартылды. Алайда, қабылданған шараларға қарамастан «Восход» сауда үйі келесі күні қайтадан жұмысын жалғастырған. Осыған байланысты аталған серіктестіктің басшысы азаматша А соттың шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деді прокуратураның баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті елдің бүкіл аумағында 2020 жылдың 16 наурызынан 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Алматыда 2020 жылдың 19 наурызынан бастап карантин режимі енгізіліп, бірқатар шаралар мен уақытша шектеулер белгіленген. Оларды орындамаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке (ҚР ӘқбК-нің 476-бабы-10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамау) тартылады.

Кәсіпкерлер арасында бірінші қажеттілік тауарларын жоғары өзіндік құны бойынша сату (алыпсатарлық) фактілерін, еңбек құқықтары мен төтенше жағдайлар мен карантинді бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында Алматы қаласы прокуратурасының, әкімдіктің, Полиция және Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қатарынан мобильді топ (тел. +7701-172-27-07, +7701-755-06-99) жұмысқа кірісті.


Жоғары қарай