Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Карантин: Алматыда оқшаулау шарасы сақталатын болса, екі аптадан соң індет күрт төмендейді

2020 жылдың 2 сәуір 2020 13:01

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Халық карантин талаптарын бұлжытпай орындаса, коронавирустың таралуы жақын арада төмендейді. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Егер өзін-өзі оқшаулау жоғары деңгейде болса, екі аптадан кейін біздің қаламызда індетті жұқтыру күрт төмендейді деп болжап, есептеп отырмыз» ,– дейді Тілеухан Әбілдаев

Соңғы ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны 402-ге жетті.

Айта кетейік, бүгін Алматыда тағы бір науқас емделіп шықты. Бұл Қазақстан бойынша коронавирустан айыққан 27-ші адам.


Жоғары қарай