Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин: Келесте мониторинг тобы 1 мыңға жуық нысанды тексерген

2021 жылдың 15 қаңтар 2021 03:24

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында аймақ әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен мобильді топтардың жұмысы күшейтілген болатын. Карантин кезінде белгіленген жұмыс кестесі мен қауіпсіздік ережелерін сақтамау әлі де кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін мобильді топтар ұдайы рейд жүргізіп, карантин талаптарының сақталуын қадағалап отыр.

Атап айтсақ, Келес ауданында мониторинг топтары 1 мыңға жуық нысанды тексерген.

Карантин шектеуін сақтамай, ережені бұзғандарға айыппұл салынуда.

Ережелерді елемейтіндерді полиция қызметкерлері, еріктілер, тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдері, аудан әкімдіктері анықтайды.

Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.

Жоғары қарай