Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Карантин кезінде алматылықтарға медкөмек қалай көрсетіліп жатыр

2020 жылдың 3 сәуір 2020 17:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Карантин жағдайында Алматы қаласының тұрғындарына медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қалалық емханалар өз жұмысын штаттық режимде жалғастыруда.Емхана дәрігерлерінің жоспарлы қабылдауы мен консультациялары барынша қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылды.

«Кейбір медициналық қызметтер (жоспарлы емдеуге жатқызу, профилактикалық тексерулер, скринингтер, оңалту) шектелген. Жүкті әйелдер, балалар және кідірісіз медициналық көмекке мұқтаж пациенттер жазбасыз қабылдануда. Емханаларда аталған санаттағы тұлғаларға медициналық маскалар тегін берілуде»,– дейді ол.

Сондай-ақ, ол алдын ала егуді қоспағанда, босандыру ұйымдарында жаңа туған нәрестелерге профилактикалық егуді жүргізу ерекше өкім шығарылғанға дейін тоқтатылғанын айтты.

«Тұрғындар арасында респираторлық аурулардың алғашқы белгілері туралы және оған шұғыл көрсетусіз емханаға бармау мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жіті жағдайда пациенттер дәрігерді үйге шақыра алады немесе алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған емхана жанындағы фильтр-кабинеттеріне жүгіне алады»,– деді Әсел Бисенбаева.

Сонымен қатар, ол тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерге үйге рецептерді онлайн-беру немесе жеткізу ұйымдастырылғанын айтты.

«65 жастан асқан адамдарға көрсеткіш бойынша зертханалық талдау үйде жасалады. Медициналық қызметкерлер тәуекел тобына кіретін қарт адамдарға көшпелі тексерулер жүргізеді»,– деп түйіндеді ол.


Жоғары қарай