Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Карантин кезінде қызметкерлерімен моншаға барған әкім «сөгіс» алды

2020 жылдың 22 мамыр 2020 01:11

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Карантин кезінде қызметкерлерімен моншаға барған Шардара ауданының әкімі «сөгіс» алды.

Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесі мүшелері шенеуніктің мәселесін қарап, осындай тәртіптік жаза тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында мәлім болғандай, Шардара ауданының әкімі мемлекеттік қызметшілермен бірге моншаға барған. Ол төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның төрағасы бола тұра, өзінің іс-әрекетімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болғаны анықталған.





Сонымен қатар, қызметтік автокөліктің жұмыстан тыс уақытта пайдаланылуына жол берген. Отырыс нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңестің шешімен Шардара ауданының әкімі Қ.Жолдыбайға «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Сондай-ақ, аудан әкімінің аппарат басшысы Ғ.Амантайға және Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш. Райхановқа «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.


Жоғары қарай