Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Карантин кезінде толтырылған негізсіз жазаны сотта қарауға болады – Марат Бекетаев

2020 жылдың 30 наурыз 2020 20:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантин режімін бұзғаны үшін берілген негізсіз жазаны сотта қарауға болады. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер де күдік болғанымен, хаттама толтырылып жатса, онда бұдан трагедия жасаудың қажеті жоқ. Карантин режімін бұзу - ол міндетті сотта қаралатын құқықбұзушылыққа жатқызылған. Қашықтан болса да, сотта қаралады», - деді М. Бекетаев Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, хаттама толтырылған кезде полицейден бұл әкімшілік іс қай сотта қаралатынын сұрау керек.

«Кейіннен сотқа өзіңіздің дәлелдеріңізді ұсыну керек, бұған қосымша уақыт беріледі. Сот нақты істегі барлық жағдайды ескере отырып шешім қабылдайды», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев күшейтілген карантин режіміндегі жаңа міндеттерге қатысты пікір білдірді.



Жоғары қарай