Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Карантин: Қызылордада фитнес клубтар мен бассейндер жұмысын бастайды

2020 жылдың 31 мамыр 2020 22:08

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 1 маусымнан бастап іске қосылатын салалар мен ұйымдардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Жанат Мамбеталиева баяндады.

«Бүгін Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялықдәрігерінің қаулысы дайындалып, қаулымен күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен қалаішілік қоғамдық көліктің жүру уақыты 23.00-ге дейін ұзартылды. Сонымен қатар, автобуспен ауданаралық, облысаралық тұрақты тасымалдау маршуттары іске қосылады. Әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтай отырып, саябақтарға,алаңдарға және скверлерге, жағалауларға шектеусіз баруға рұқсат етіліп отыр», - деді Жанат Тастайбекқызы.

Сондай-ақ, енді облыста сағат 9.00 мен 20.00 аралығында қоғамдық монша, сауна, сағат жөндеу шеберханасы, химиялық тазалау, фотосалоны, жарнамалық агенттігі, шаштараз, сұлулық салондары, автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станциясы, көлік жуу, желімдеу қызметтері қызметін көрсете алады. Ал көлемі 500 шаршы метрден асатын бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын нысандар мен базарлардың жұмыс уақыты сағат 08.00-19.00 аралығында белгіленді.

Қоғамдық тамақтану және жазғы алаңдары бар таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақытын сағат 11:00 мен 23:00 аралығында белгіленсе, фитнес клубтардың, тренажерлік залдардың, бассейндер сағат 10.00 мен 22.00 аралығында халыққа қызмет көрсетеді. Осындай белгіленген уақыттар бойынша қосымша білім беру орталықтары, спа-орталығы, ашық жағажай, компьютерлік және интернет клубтар, бильярд клубтары, букмекерлік кеңселер, лотереялық кеңселер ашылады. Қоғамдық демалыс парктері сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін ашық болса, мәдениет, өнер және архив нысандарының жұмысын көрерменсіз, келушісіз, спорт нысандарының жұмысы көрерменсіз толық іске қосу жоспарланып отыр.

Қызылордада соңғы тәулікте 25 адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды.


Жоғары қарай