Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин: Отбасында жанжал шығарған 7 мың адам жауапкершілікке тартылды

2020 жылдың 24 маусым 2020 16:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Карантин кезінде отбасылық-тұрмыстық қатынастарда құқыққа қайшы әрекеттер үшін 7,5 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқшаулану кезінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер үшін 7,5 мыңнан астам құқық бұзған әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың жартысына жуығы әкімшілік қамауға алынды», - деді М. Баймұқашев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тақырыбына арналған онлайн режимдегі талқылауда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осы мәселеде тек құқықтық шаралар жеткіліксізекенін, яғни, жүйелі қоғамдық жұмыс керектігін атап өтті.

Бұл тұрғыда ҮЕҰ-ның, сарапшылық қоғамдастықтың, кәсіби психологтардың, сондай-ақ басқаның отбасылық бақытына бей-жай қарамайтындардың ортақ күш-жігері керек.


Жоғары қарай