Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Карантин салдарынан ең көп қай сала зардап шекті: Мырзахметовтің жауабы

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 15:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов коронавирус салдарынан жұмысы қиындаған кәсіпкерлер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында коронавирус індетінің салдарынан қанша кәсіпкер жұмысын жандандыра алмай отырғаны сұралды.

«Індет кәсіпкерлер жұмысына елеулі қиындықтар алып келді. Біздің орта есеп бойынша карантинде қызмет көрсету саласындағы 800 мыңнан астам кәсіпкер қиындыққа тап болды. Санитарлық дәрігерлердің бұйрығына сәйкес, олардың 500 мыңнан астамының жұмысы тоқтап тұрды. 17 тамыздан бастап жұмыстарына кірісті», - деді А. Мырзахметов.

Оның сөзіне қарағанда, әлі де жұмысын бастай алмай отырған кәсіпкерлер бар. Осы орайда қоғамдық тамақтану саласындағы асханалар, мейрамханалар мен дәмханалар толық күшінде жұмысқа кіріспеді. Асханалар өзінің шығынын өтей алмағаннан кейін, жұмысын тиісті деңгейде бастай алмай тұр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, А. Мырзахметов көлеңкелі экономика негізінен сауда саласында болып отырғанын айтты.


Жоғары қарай