Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қараша айында қарлы боран мен көктайғақ жиі болады - Қазгидромет

2020 жылдың 20 қазан 2020 14:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет қараша айына арналған ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қараша айының бірінші жартысында республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қысқы ауа райы болжанады.

«Қараша айында жауын-шашын (көбінесе қар), қарлы боран, сондай-ақ көктайғақ пен тұман жиі болады. Айдың бірінші жартысының ең суық күндерінде термометр бағанасы түнде -10-23°C, күндіз -2-10°C дейін төмендейді. Суық ауа массалары жылыға ауысқанда термометрлердің бағаналары +5+12°С белгісіне жетеді.Еліміздің оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) айдың екінші жартысында күтіледі, таулы жерлерде ертерек болуы мүмкін. Бұл жағдайда температура фоны түнде -5-12°С дейін, күндіз -1+5°С дейін төмендейді», -делінген синоптиктер болжамында.

Сондай-ақ, Қазгидромет мамандары елдіғ солтүсіндегі суық ауа райы болатынын айтты.

«Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында, елдің солтүстік-батыс жартысында – нормадан 1°С жоғары, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында - нормадан 1°С төмен болады деп күтілуде.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, еліміздің солтүстік-шығыс жартысында және оңтүстік-шығыс аймақтарының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп, республиканың оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз болады», - деді Қазгидромет..

Қараша айында қар жамылғысы пайда болады және қалыптасады. Көпжылдық мәліметтерге сәйкес, қар жамылғысы қалыптасуының орташа күні:

солтүстік және шығыс аймақтарда - қараша айының ортасында,

Қазақстанның орталық бөлігінде - қарашаның екінші жартысында,

еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында – қарашаның соңында және желтоқсанның бірінші жартысында,

республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-батысында - желтоқсанның үшінші онкүндігінде.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай