Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарашада бензин 3,6 пайызға қымбаттады - статистика

2021 жылдың 5 желтоқсан 2021 15:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың қарашасында қазанмен салыстырғанда отандық өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 5,5 пайызға жоғарылады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, тау-кен өндіру саласында бағаның мұнайға - 8,2, металл кендеріне - 8, табиғи газға 3 пайыз жоғарылауы байқалды. Өңдеу саласында баға ферроқорытпаларға - 6,4, мысқа - 4,8, қорғасынға - 4,4, алюминийге - 3,3, асыл металдарға 2,6 пайыз жоғарылады, ал қара металдар илегіне 2,6 пайыз төмендеді. Мұнай өнімдерінен мазутқа - 12, сұйытылған пропан және бутанға - 6,6, бензинге - 3,6, дизель отынына 1,1 пайыз қымбаттады.

«Азық-түлік өнімдерінен өндірушілерде баға макарон өнімдеріне - 4,7, нанға - 4,4, жармаларға - 2,9, бидай ұнына - 2,6, қантқа - 2, өсімдік майына - 1, құс етіне - 0,8, сүт өнімдеріне 0,7 пайыз жоғарылады, мал етіне - 1,3, шайға 0,7 пайыз төмендеді. Баға электр энергиясымен және сумен жабдықтауда суды бөлу бойынша қызметтерге - 0,7, электр энергиясы, оны тарату бойынша қызметтерді қоса алғанда 0,5 пайыз жоғарылады», - деп атап өтеді бюродан.


Жоғары қарай