Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кәрім Мәсімов: Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері туралы кітап шығады

2021 жылдың 26 қазан 2021 09:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің жалпы редакциясымен «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы хикаялар», «Мемлекеттік шекара» кітаптары басылымға дайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кітаптар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекетіміздің шептерін қорғау ісіне лайықты үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы баяндайды.

Басылымдарға қазіргі уақытта құпиясыздандыруға болатын жайттар ғана енгізілді. Оның негізінде – нақты адамдар, оқиғалар мен фактілер, олар оған тікелей қатысушылардың эмоциясын жеткізетін қатаң деректі стильде мазмұндалған.


«Құрметті оқырмандар! Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшыларымен бірге еліміздің барлық аймақтарын және мемлекеттік шекараны араладық. Жұмыс сапары аясында жедел қызметкер мен шекарашының ерен еңбегі туралы халықтың аз білетінін байқадым. Сондықтан, борышын мінсіз орындап жүрген жандар туралы айтатын уақыт келді деп ойладым. Негізін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаған, нығайту бағытын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып келе жатқан мемлекет егемендігіне олардың қосқан үлесін айтқымыз келді. Азаматтардың бейбіт өмірі үшін біздің қызметкерлер күні-түні, ыстық-суыққа қарамай қызмет атқарады. Олар - біздің батырларымыз! Бұл кітап солар туралы жазылған. Оның негізінде нақты адамдар, құпиясы ашылған оқиғалар мен деректер бар. Кітап өз оқырманын табады деп сенемін», дейді Кәрім Мәсімов.
Жоғары қарай