Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қарсыласын 43 секундта нокутқа түсірген Серік Мұсаділовтің рейтингісі жоғарылады

2020 жылдың 22 қараша 2020 11:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (8-0, 8 КО) соңғы кездесуде қарсыласын нокаутқа жіберген соң беделді Boxrec.com сайтының рейтингісіндегі орны жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшы бірден 105 позицияға көтерілді — ауыр салмақ рейтингісінде 450-орыннан 345-ке көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мусадилов жекпе-жектің 43 секундында мексикалық Даниэль Нахераны нокаутқа жіберген болатын (9-6-1, 4 КО).

Биыл Серік Мұсаділов үш жекпе-жек өткізіп, барлығын мерзімінен бұрын жеңіп алды.

Нахерамен жекпе-жекке дейін Мұсаділов америкалық кент Холландты (4-6-1, 2 КО) және АҚШ-тың тағы бір боксшысы Квинтелл Томпсонды (4-11-1, 4 КО) нокаутқа жіберген болатын.

Еске сала кетейік, Мұсаділов өзінің кәсіби мансабында жекпе-жекті ешқашан төртінші раундқа жеткізбеген.


Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай