Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қаруын өз еркімен тапсырған 650 адамға 54 млн теңге сыйақы берілді

2021 жылдың 14 маусым 2021 14:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаруын өз еркімен тапсырған 650 адамға 54 млн теңге сыйақы берілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Асылбек Ыдырысов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматқа төлем мөлшері қарудың түріне, техникалық жағдайына байланысты және әр бірлігі үшін 30 мыңнан 300 мыңға дейін болады. Сыйақы көлемін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссия анықтайды. Мысалы, 100 айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 290 мың теңгені азамат автоматты ойық қарудың әрбір тапсырған бірлігі үшін ала алады.

«Мұндай соманың жартысы немесе 145 мыңы ойық ұңғылы мылтықтар мен карабиндер үшін төленуі мүмкін. Тапаншалар мен револьверлер үшін 100 мың теңгеге дейінгі мөлшерде төлем болжанады. Тегіс ұңғылы мылтықтардың әрбір бірлігі 90 мың теңгеге дейін бағалануы ықтимал», - деді бөлім бастығы.

Асылбек Ыдырысовтың атап өтуінше, Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесіне тіркелген атыс қаруына, қолдан жасалған оқ-дәріге, газ және травматикалық тапаншаға сыйақы төлеу қарастырылмаған.

Айта кетейік, 14 мамыр мен 17 маусым аралығында еліміздің аумағында «Қару» кең ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Заң,
Жоғары қарай