Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу порталындағы ақауға түсінік берді

2021 жылдың 14 мамыр 2021 19:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік сатып алу веб-порталының басты бетіндегі келісімшарттар туралы деректер қасақана жасырылды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік түскен ақпаратқа талдау жүргізіп, нәтижесінде келесіні анықтаған: мемлекеттік сатып алу веб-порталының басты бетіндегі барлық келісімшарттар «Тіркеушілер – Келісімшарттар - Келісімшарттар тіркелімдері» бөлімінде көрсетілген.

«Алайда, келісімшарт картасының «Келісім және бекіту» бөлімінде шарттың pdf формасына сілтеме болмаған. Бұл өз кезегінде мемлекеттік сатып алу веб-порталының техникалық қателігі болып табылады», - деп нақтылады ведомстводан.

Мәлім болғандай, алғашқы шағым 4 мамырда түскен.

«2021 жылы 4 мамырда «Алматы қаласының спорттық ғимараттар дирекциясы» қоғамдық ұйымынан бірінші шағым келіп түсті. Яғни «Келісім және бекіту» бөлімінде келісімдердің (pdf форматындағы) қалыптастырылған нұсқаларына сілтемелердің қолжетімсіздігі анықталды. «Келісім табылмады»деген қате көрсетілді.

Мәселе келісім картасындағы «келісім және мақұлдау» қойындысында «келісім табылмады» деген қатенің шығуынан, келісімнің pdf нұсқасына сілтеменің болмауынан туындаған. Оператор туындаған техникалық қатені талдады, содан кейін мәселе 2021 жылы 11 мамырда сағат 18:20-да жойылды», - деді министрліктен.

Қаржы министрлігі жүйедегі бұл қателік сатып алу процесіне әсер етпегенін атап өтеді.

«Бұл жәйт мемлекеттік сатып алу веб-порталының басты бетінде ғана болды және бұғатталған жоқ. Осылайша, барлық сатып алу процедуралары, жоспарлары мен келісімшарттары авторизация рәсімінен өткеннен кейін жүйеде жүзеге асырылады, ал басты бет жүйеде қамтылған ашық деректердің тек «витринасы» болып табылады.

Сонымен қатар, мәселе тек сатып алу процедуралары аяқталған және транзакциялар жасалған келісімшарттарды көру функциясында болды. Нәтижесінде бұл проблема сатып алу процестеріне әсер етпеді және порталда келісімшарттар жасауға кедергі болмады», - делінген министрлік ақпаратында.

Бұл оқиға тәуекелдер тізіміне енгізіліп, профилактикалық шаралар үшін бақылау күшейтілді.

ҚР ҚМ сатып алу алаңында қиындықтар туындаған жайдада қайда шағымдануға болатынын айтты.

«Мемлекеттік сатып алу веб-порталында проблемалар туындаған жағдайда 8-800-080-34-37 телефоны арқылы «ЭҚО» АҚ байланыс орталығына хабарласуға (ҚР бойынша тегін) немесе support@ecc.kz электрондық поштасына мәселені көрсететін скриншоттармен және ақаулықтың сипаттамасымен хат жазуға болады», - дейді ведомство өкілдері.


Жоғары қарай