Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қаржылық реттеуші 4 банктің жарнамасынан заңбұзушылық анықтады

2020 жылдың 29 қазан 2020 12:08

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Қаржынарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізілген мониторинг барысында 4 коммерциялық банктің жарнамасына қатысты шара қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ және «Банкцентркредит» АҚ банк қызметі туралы жарнамада лицензия берген органның атын жазбаған.

Екінші деңгейлі банктерге ұсыныс түріндегі ескерту жасалды.

«Альфа-Банк» АҚ ЕҰ жылдық пайыз мөлшерлемесін анық көрсетпегені үшін әкімшілік жазаға тартылды.

«Сбербанк» АҚ ЕҰ жарияланған күні шындыққа жанаспаған жарнама шығарған. Бұл банк те әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Агенттік қаржылық институттар берген ақпаратты негізге ала отырып мониторинг жүргізген.

Одан бөлек сайттар, әлеуметтік желілер, банктердің мобильді қосымшасы, теле, радиоканалдағы жарнамалар, маңдайшадағы жарнамалар тексерілді.


Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Экономика,
Жоғары қарай