Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

KASE: Доллар бағамы тағы да төмендеді

2019 жылдың 23 шілде 2019 17:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 1 долларға 384,22 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА KASE-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,15 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 383,7 теңге, ал ең жоғарысы – 384,86 теңге болған. Сауда көлемі 117,72 млн долларды құрады.

Дүйсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 384,37 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 92,724 млн доллар болды.

Еске салайық, дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағасы 0,52 теңгеге - 384,89 теңгеден 384,37 теңгеге дейін арзандаған.

Асхат Ахметбеков

Басты сөздер: Экономика, Қаржы,
Жоғары қарай