Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

KASE: Доллар бағамы төмендеді

2019 жылдың 30 шілде 2019 17:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 есебімен (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 1 долларға 384,57 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,53 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 384,49 теңге, ал ең жоғарысы – 384,9 теңге болды. Сауда көлемі 192,055 млн долларды құрады.

Дүйсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 385,1 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 168,025 млн доллар болды.

Асхат Ахметбеков

Басты сөздер: Қор рыногы, Экономика,
Жоғары қарай