Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

KASE қор нарығында доллар бағамы арзандады

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 11:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 12 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0,66 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425, 83 теңге болды.

Ұлттық банктің 13 қыркүйектегі ресми бағамы: 1 доллар үшін - 426, 52 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425,74 теңге, сатып алу – 427,28 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425,84 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 93 теңге.


Жоғары қарай