Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қашаған кен орны толық игерілуге тиіс - ҚР Президенті

2021 жылдың 22 сәуір 2021 13:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қашаған кен орны толық игерілуге тиіс. Бұл туралы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау облысы – еліміздегі ең үлкен индустриялық өңірдің бірі. Аймақтың мұнай-газ өнеркәсібі шетелден инвестиция тарту саласында көш бастап келеді. Сондай-ақ, Қазақстанның әлемдегі инвестициялық имиджін арттыруға септігін тигізуде. Облыс республикалық бюджетке және Ұлттық қорға қомақты қаржы құйып отыр. Үкімет өңір әкімдігімен бірлесіп, ірі мұнай-газ жобаларын уақтылы жүзеге асыруды бақылауға алуға тиіс. Болашақта кеңею жобасын уақтылы аяқтау маңызды. Сондай-ақ, Қашаған кен орны толық игерілуге тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, сол арқылы бір жылда өндірілетін мұнай көлемін 15 миллион тоннаға арттыруға болады. Нәтижесінде жұмыс орындары ашылып, отандық қызмет көрсету компаниялары мен шағын және орта бизнес өкілдері үшін мол мүмкіндіктер туады.

«Ақпанда концессионер компаниялардың басшылармен кездесу барысында 2021 жылдың соңына дейін Қашанғанды толық игеру жоспарын бекіту тапсырдым. Үкіметке бұл мәселені бақылауды ұстауды және мерзімінің созылып кетуіне жол бермеуді өтінемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай