Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қашықтан берілген білімнің сапасында проблема бар – Майра Мелдебекова

2021 жылдың 24 мамыр 2021 18:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектепке дейінгі орта білім беру комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Дүниежүзілік банкпен бірге жүргізілген зерттеудің алғашқы нәтижесі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қашықтан оқытудың сапасы бойынша Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірге зерттеу жүргізді. Әрине, сапаға байланысты сұрақтар болады. Мысалы жоғары сынып оқушыларының ақпараттық технологияларды жақсы меңгеруі қашықтан берілген білімнің сапасына оң әсер етіп отыр. Күнделікті режимін нақты реттеп үйренген балалар керісінше осындай форматты ыңғайлы деп отыр. Қосымша үйірмелер мен спортпен шұғылдануға бос уақыт табылғанын алға тартуда», - деген министрлік өкілі қашықтан берілген білімге біржақты баға беруге болмайды деген пайымын жеткізді.

«Зерттеу қорытындысы білім сапасында мәселе бар екенін көрсетті. Сондықтан да жазғы мектепті қолға алып отырмыз. Оқу жылының қорытындысы барлық қорытынды бағалар қойылып біткеннен кейін жүргізіледі. Бірақ, мұғалім ретінде дәстүрлі оқытуды қашықтан оқыту форматымен салыстыруға болмайтынын айтар едім. Мұғалім оқушымен көзбе-көз отырып, тақырыпты түсіндіруі мүлде бөлек дүние. Мұндай оқытудың әдістемесі де өзгеше. Ал қашықтан оқыту форматында түрлі технологиялар қолданылады. Синхронды және асинхронды деген екі түрлі формат бар. Сондықтан, қашықтан білім бердуің білім сапасында көрініс табатыны белгілі. Кейбір оқушылардың қашықтан оқуға жағдайы келіңкіремей жатты. Компьютермен, интернетпен проблема болғанын білесіздер. Соның бәрін ескерсек, енді бізге сол олқылықтардың орнын толтыру керек болып отыр», - деді Майра Мелдебекова.


Жоғары қарай