Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Кәсіпкерлер палатасының көмегімен 440,3 млн теңге мөлшеріндегі 134 жоба қаржыландырылды - Қызылорда

2017 жылдың 3 қазан 2017 15:22

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының директоры Марлен Нұртазаев кәсіпкерлер алдындағы есепті кездесуде айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

Филиал директорының сөзіне қарағанда, аудандағы Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы кеңесшілерімен осы жылдың 9 айында 736 адамға мемлекеттік бағдарламар бойынша 1293 әр-түрлі кеңестер беріліп, кәсіпкерлерге 193 бизнес-жоспар жасалған және 148 сервистік қызмет көрсетілген. Бұл қызметтердің барлығы тегін.



null

Мұнан өзге, жыл ішінде Кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының сүйемелдеуімен ауданда жалпы құны 440,3 млн.теңгені құрайтын 134 жоба қаржыландырылып, жаңадан 172 жаңа жұмыс орны ашылған.

Атап айтқанда: «Қызылорда» Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы 178 млн 500 мың теңгені құрайтын 47 жоба қаржыландырылды, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 172 млн 100 мың теңгені құрайтын 78 жобаға қаржы бөлінді, «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 43 млн теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылды. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы 46 млн 700 мың теңгені құрайтын 4 жобаға қаржы құйылды.



null

Сондай-ақ, аудан көлемінде жеке секторда өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуді қамтамасыз ететін 48 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, филиалдың көмегімен алтауының қаржыландырылуына қолдау жасалған.

Айта ктеткен жөн, Ұлт жоспары - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамында кәсіпкерлікті қолдау жөнінде нақты айтылған. Ондағы 54-қадамда: Кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтын нығайту мәселесін күн тәртібіне шығарғаны белгілі. Сондай-аұ осы институттың құрамына бизнестің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді,-деп атап көрсетілді.

Жоғары қарай