Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кәсіпкерлікті қолдау: ШҚО-да 30 шаруа қожалығына электр желісі тартылды

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 11:55

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 17 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында инженерлік-инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы жөнінде кеңес өткізді.

«Бүгінде біздің облыс бұл бағыт бойынша көш бастап тұр. 2018 жылдан бері жалпы сомасы 3,7 миллиард теңгеге 31 жоба жүзеге асырылған. Осылайша, көлік жолдары мен теміржол түрлі кәсіпорындарға қарай тартылды. 2020 жылы алты жобаны аяқтадық. Ал қазіргі уақытта тағы алтауы іске асырылуда», - деді аймақ басшысы.

Биыл «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының портфелінде 17 инфрақұрылымдық жоба тұр. Оның 10-ы іске асырылған.

«Абай, Глубокое, Жарма, Зайсан, Тарбағатай және Үржар аудандарында етпен айналысатын 30 шаруа қожалығына электр желілері тартылды. Өз орынбасарларыма инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша бірқатар тапсырма жүктедім. Атап айтқанда, егер жобалық-сметалық құжаттама әлі жасалмаса және сараптамалардың қорытындылары дайын болмаса, онда мұндай объектілерге қаражат салудың мәні жоқ. Керісінше белсенді құрылыс жүргізіп жатқан немесе кәсіпорынды тапсыруға дайын кәсіпкерлерге көмектесу керек», - деді Даниал Ахметов.


Жоғары қарай