Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Кәсіпқой бокс: Қазақстандық тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді

2019 жылдың 3 қараша 2019 14:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оксон-Хилдегі (Мэрилэнд штаты, АҚШ) MGM National Harbor аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Шыңғысхан Тәжібай (8-0, 2 КО) аргентиналық Николас Веласкеспен (11-7, 3 КО) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

27 жастағы Тәжібай бір жыл бойы рингке шықпаған болатын. Төрт раундтық жекпе-жекте ол төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы осымен тоғызыншы мәрте жеңіп отыр, ал Веласкес сегізінші рет жеңілді.

Шыңғысхан соңғы рет 2018 жылдың 27 қазанында жекпе-жек өткізген. Сол кезде америкалық Хуан Родригесті (8-16-1, 6 КО) ұпай санымен жеңген.

Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай