Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кәсіпқой бокс: Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік спортшыны жеңді

2020 жылдың 5 желтоқсан 2020 19:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) Екатеринбург қаласында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Нұрсұлтанов ресейлік Илья Баландинмен (4-3-1, 2 КО) рингке шықты. Жекпе-жек туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Жекпе-жек барысында бұған дейін бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов өз соққыларын көбірек дарытып отырды. Әсіресе, үшінші раундта қарсыласын тықсырып, жекпе-жекті ерте аяқтайтындай көрінген. Бірақ И.Баландин толық сегіз раунд бойы шыдап бақты.

Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс М.Нұрсұлтановқа берілді.

Осылайша Мейірім кәсіпқой бокстағы 14-інші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, Мейірім бір жылдан астам уақыт бойы рингке шықпаған екен. Ол соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 2 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткізген еді. Онда қазақстандық боксшы WBC (USNBC) версиясы бойынша аймақтық АҚШ чемпионы атанған болатын.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай