Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Кәсіподақтар федерациясы «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысатын болды

2020 жылдың 3 шілде 2020 13:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның кәсіптік одақтар федерациясы «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысу жөнінде мәлімдеме жасады. ҚазАқпарат мәлімдеменің толық мәтінін жариялайды.

Кәсіподақтар федерациясы Қазақстандағы ең үлкен жұмысшылар бірлестігі ретінде Еңбек адамының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау арқылы елдің дамуына өз үлесін қосуда.

Біз жұмысшылардың проблемаларына араласу және оларды жұмыс берушілермен қарым-қатынаста қолдау мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің маңызды шарты деп санаймыз.

Сондай-ақ, әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастыққа негізделген бірлескен жұмыс қана қоғамның жаңа құндылықтарын қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған жаңғырту бағытын біздің ұйымның барлық мүшелеріне еліміздің саяси жүйесінде болып жатқан тарихи өзгерістерге қатысушы болуға бірегей мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, лайықты беделі бар және өз ұжымдарында сенім мен құрметке ие кәсіподақ белсенділерімізді «Нұр Отан» партиясының праймеризіне белсенді қатысып, осы мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз.

«Нұр Отан» партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша алдағы Мәжіліс пен Мәслихаттарға сайлауға партиялық тізімге ең мықты кандидаттарды қосу үшін партияішілік сайлау өткізеді.

Біздің «Нұр Отан» партиясымен серіктестігіміз бірлескен іс-қимылдар мен ынтымақтастықты үйлестіру мақсатында қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандум аясында, соның ішінде праймеризді өткізу мәселелері бойынша жүзеге асырылады.

Кәсіподақтар федерациясы - 2 миллионға жуық мүшесі бар және бүкіл ел бойынша кәсіподақ ұйымдарының кең желісі, біздің қатарда жүрген партия мүшелеріне қолдау көрсетуге және өз кандидатураларын Парламенттің төменгі палатасына және жергілікті өкілді органдарға жіберуге толықтай қабілетті.

Біз өзіміздің негізгі ұстанымдарымыз - әлеуметтік диалог пен әлеуметтік әділеттілікті өз қызметіміздің басты басымдықтары деп жариялаймыз және «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мақсаттарын қолдаймыз.

Құрметті кәсіподақ мүшелері!

Егер заң шығарушы билікке кәсіподақ қозғалысының принциптерін шын жүректен ұстанатын адамдар кірсе, жұмысшылардың мүдделерін қорғауға және алға жылжытуға бағытталған біздің ортақ күш-жігеріміз жаңа серпін алады!

Сондықтан, біз барлық кәсіподақ мүшелерін «Нұр Отан» партиясының бәсекелестік негізінде жаңа көшбасшыларын анықтау туралы бастамасын қолдауға және кандидат ретінде де, дауыс беру процесінде де партияішілік праймеризге қатысуға шақырамыз.

Ынтымақтастық. Ортақтастық. Жасампаздық.


Жоғары қарай