Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Кәсіпорындар қалдық көздеріне қатысты мониторинг жүйесін орнатуға міндеттелді

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 20:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық кәсіпорындар 2023 жылға дейін шығарылатын қалдықтарға қатысты автоматтандырылған онлайн мониторинг жүйесін орнатуы тиіс. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылға дейін барлық ірі кәсіпорындар шығарылатын қалдық көздеріне қатысты автоматтандырылған онлайн мониторинг жүйесін орнатуы тиіс және ол туралы комитетке деректер беріп отыруы керек», - деді З. Жолдасов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу кәсіпорындар шығаратын зиянды қалдықтар көрсеткішін онлайн режімде қадағалау мен қандайда бір заң бұзушылықты уақытылы анықтауға мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар, аталған жүйе халықтың өнеркәсіп жұмысына деген сенімін артып, жұртшылықты ашық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін маңызды», - дейді ол.

Айта кетсек, бұған дейін комитет басшысы елімізде экологиялық проблемаларды шешудің жол картасы әзірленгенін айтты.

Аталған жоба 17 бағыттан тұрады. Және ол 2025 жылға қарай еліміздегі 10 қала атмосферасының ластану индексін жоғары деңгейден орташа деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Одан бөлек, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов еліміз бойынша ауасы лас 10 қаланы атап берді.

Атмосфераның ластануына қалалардағы жылу қазандықтары, автокөлік пен жеке секторлар себеп болып отыр.


Жоғары қарай