Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қаскелең көшелерінде заңсыз көкпар ұйымдастырғандар ұсталды

2022 жылдың 17 мамыр 2022 18:21

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында заңсыз көкпар ұйымдастырғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көкпарды 66 жастағы Қаскелең тұрғыны жиенінің туған күніне орай ұйымдастырған.

Ұлттық ойын қаланың шеткі аумағында болған. Бірақ артынша қала көшелерінде жалғасқан.

«Ұсталған адамдар әкімшілік жауапкершілікке, яғни, ұсақ бұзақылық және көліктерге кедергі келтіру бойынша жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, полиция көкпардың өзге де қатысушыларын іздестіріп жатыр. Оның ішінде 34 жастағы тұрғынның көлігін бүлдірген адам да бар»,- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Қаскелеңде заңсыз көкпар ұйымдастырғандарды полиция іздеп жатқанын хабарлаған болатынбыз.



Жоғары қарай