Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Каспий порттары арқылы 1,6 млн тонна жүк тасымалданды

2020 жылдың 13 қазан 2020 23:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 9 айында Каспий порттары арқылы 1,6 млн тонна жүк тасымалданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 9 айда Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі өткен жылдың осындай кезеңіндегі деңгеймен бірдей болды. Дегенмен, жүк көліктері мен контейнерлерді ауыстырып тиеуде біршама өсім байқалды.

«Отандық сауда флоты есепті кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,6 млн тоннадан астам жүк тасымалдады. Оның ішінде Ақтау-Баку фидерлік желісі арқылы шамамен 9,8 мың бірлік контейнер жеткізілді. 9 айда ішкі су жолдары бойынша жүк тасымалдау көлемі шамамен 1,4 млн тоннаны құраса, оның шамамен 209 мың тоннасы Ресей бағытында тасымалданды», - делінген министрлік ақпаратында.


Жоғары қарай