Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Каспий теңізінде жер сілкінді

2020 жылдың 1 қыркүйек 2020 00:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Каспий теңізінің Түрікменстан жағалауында 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

«30 тамызда Мәскеу уақытымен сағат 23.35-те Каспий теңізінің Түрікменстан жағалауында 4,5 балдық жер сілкінісі болды», деп хабарлайды Еуропалық Жерорта теңізінің сейсмологиялық орталығы.

Зілзаланың ошағы 8 шақырым тереңдікте болған. Оған ең жақын қала – Түрікменбашы эпицентрден 114 шақырым жерде орналасқан. Ғмараттардың қирағаны немесе зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.

Жерасты дүмпулері 36 шақырым тереңдіктегі ошақтан туындаған. Эпицентр солтүстік ендіктің 40.39 және шығыс бойлықтың 51.69 бағытында орналасқан.


Жоғары қарай