Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Каспий жағалауында Rixos Aktau қонақүйі қашан ашылатыны белгілі болды

2020 жылдың 28 мамыр 2020 15:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Каспий жағалауындағы Rixos Aktau қонақүйі шілде айында ашылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоспарға сәйкес, бұл қонақүйді шілде айының басында ашу көзделген. Кейбір туристік операторлар туристік жолдамаларын сатып та жатыр. Бір жерлерден жолдама құны 256 мың теңге көлемінде екенін байқап қалдым. Оған 2 және 3 күн кіреді. Дегенмен, жолдама құнына әуе билетінің бағасы да кіретінін ескерген жөн. Бұл жолдамалардың қысқа мерзімді екендігін ескерер болсақ, әуе билетінің бағасы 40 пайызға жетіп қалуы мүмкін. Бұған қоса, бұл құнға all inclusive жүйесі бойынша тамақтану да кіреді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, бұл қонақүйде жолдама бағасы шетелдегі дәл осындай қызметке қарағанда біршама төмен болатыны анық.

-«Егер мысал ретінде жолдаманы 7-10 күнге есептер болсақ, онда бағасы шетелдік баламаға қарағанда біршама төмен шығады. Қазіргі уақытта 3 тәулікке Түркияға не болмаса Мысырға сапарлайтын болса, онда дәл қазіргі кезде Rixos Aktau қонақүйі ұсынып отырған бағадан әлдеқайда асып түсетіні анық», - деді Дастан Рысбеков.



Фото: lada.kz

Жоғары қарай