Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Каспий жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді

2020 жылдың 6 қыркүйек 2020 21:17

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Каспий теңізі жағалауында жанып жатқан қамыс арасындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін 6 қыркүйекте сағат 17.21-де Атырау облысында өртке оранған қамыс пен қураған шөптің жануы жойылды. Еске сала кетсек, Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатқан болатын. Қамыс биік әрі батпақты болғандықтан өртті сөндіруі қиынға соқты. Онда өрт сөндіретін арнайы техника жете алмады», делінген хабарламада.





Онда Шымкент қаласынан ұшып жеткен «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-17 тікұшағы өрт ошақтарына 3 тоннадан 10 рет су шашты.





Сонымен қатар жағдайға мониторинг жүргізу мақсатында «Қазавиақұтқару» АҚ «Еврокоптер145» тікұшағымен жану аумағын әуеден бақылады.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД, «Қазавиақұтқару» АҚ, Орман шаруашылығынан, жергілікті атқарушы органдардан 93 адам, 23 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды.






Жоғары қарай