Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Каспий жағалауындағы өртті сөндіруге тікұшақ тартылады

2020 жылдың 5 қыркүйек 2020 11:04

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Атырау қаласынан 30-40 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Батпақты, өсімдіктері биік жер жанып жатқандықтан өртті сөндіру қиындады, осыған байланысты арнайы техника өте алмады.

«Қалыптасқан жағдайға мониторинг жүргізу мақсатында «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен өртенген аумаққа әуеден барлау жүргізілді. Нәтижесінде жеке ошақтардың жануы анықталды. Енді қанша жерді жалын шарпығаны анықталып жатыр, елді мекендерге қауіп жоқ» делінген хабарламада.




Отты сөндіруге Атырау облысы ТЖД, орман шаруашылығының, жергілікті атқарушы органдардың күш-құралдарынан 55 адам және 14 техника жұмылдырылды.

Бүгін тілсіз жауды ауыздықтау үшін Шымкент қаласынан су ағызу құрылғысымен (5 тонна) жабдықталған тікұшақ ұшып шығады.


Жоғары қарай