Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрінің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді

2020 жылдың 1 маусым 2020 16:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Армения Премьер-министрі Н.Пашинянның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Ол өз қажыр-қайратының арқасында дерттен құлан-таза айығып, достас Арменияның игілігі жолындағы қызметіне қайта оралады деп сенемін», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter -дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян мен оның отбасы мүшелері коронавирус жұқтырған. Ол бұл туралы бүгін Facebook-тегі парақшасында онлайн трансляция кезінде мәлім етті.


Жоғары қарай