Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев Бекболат Тілеуханды қабылдады

2019 жылдың 5 шілде 2019 20:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, жұмыссыздықты жою, жемқорлықты ауыздықтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тарапынан жасалып жатқан қадамдарды халыққа жеткізу, түсіндіру мәселелеріне мән беру керектігін айтты.

Депутат Бекболат Тілеухан рухани саланы дамытуға, оның ішінде «Абай жылын» атап өтуге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

Жоғары қарай