Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бизнес пен мемлекет арасы алшақтап барады

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 14:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шағын және орта бизнеске жүктелген қатаң карантиндік шараларды қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекет пен шағын және орта бизнес арасындағы сенімсіздік артып келеді.

Әсіресе COVID-19-ға байланысты карантин шаралары қатаңдатылуы жағдайды ушықтыра түскен.

«Айтпақшы, біз омикрон түріндегі COVID індеті жалпыға ортақ құбылысқа айналады деген тоқтамға келдік. Халықтың басым бөлігі қайткен күнде де омикронмен ауыруға мәжбүр болатын сияқты. Мұндай жағдайда шағын және орта бизнеске жүктелген, әсіресе қызмет көрсету саласындағы қатаң карантиндік шаралардың қаншалықты ұтымды, іске жарамды екенін зерделеу қажет. Үкіметке айтарым – осының бәрі қайта қараңыздар. Жағдай осылай өрбитін болса, несіне шағын және орта бизнесті тұншықтырып, экономикада теңсіздік жасауымыз керек?»,- деді Мемлекет басшысы Қазақстанның ірі бизнесмендерімен кездесуінде.


Жоғары қарай