Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ  Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен кездесті

2019 жылдың 23 қыркүйек 2019 22:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында Мемлекет басшысы БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тараптар өзара іс-қимыл перспективаларын, атап айтқанда, дінаралық келісім мен өркениеттердің жаһандық диалогын нығайту жайын талқылады.

Қазақстан Президенті Өркениеттер Альянсы бейбітшілікті, ынтымақтастықты қамтамасыз етуге және өркениетаралық диалогты қолдауға үлкен үлес қосып келе жатқан беделді халықаралық институттардың бірі екенін атап өтті.




- Қазақстан Өркениеттер Альянсымен белсенді ынтымақтастыққа дайын. Еліміздің делегациясы Альянс форумдарына тұрақты түрде қатысады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент халықаралық ұйымның басшысына Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысын тұрақты қолдап келе жатқанына және 2018 жылдың қазан айында өткен VI Съезіне белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 12 қыркүйекте БҰҰ штаб-пәтерінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ұсынған діни ғибадат орындарын қорғау бойынша Альянс әзірлеген іс-қимыл жоспарының іске асырыла бастағанын қолдайтынын айтты.

Өз кезегінде Мигель Анхель Мораторинос Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, еліміздің мәдениет пен өркениетаралық диалогты дамыту ісіндегі еңбегіне жоғары баға берді.


Жоғары қарай