Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақыны 1 маусымнан бастап көтеруді тапсырды

2019 жылдың 22 наурыз 2019 10:44

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жалақысы ең төмен жұмыскерлердің жалақыларын 2019 жылдың 1 маусымынан бастап көтеруді тапсырды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

«Бұл шешім 1 миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің әл-ауқатына әсер етеді»,-деп жазды ҚР Президенті.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырған болатын.

Жоғары қарай