Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкі тобының президенті Бандар Хаджармен кездесті

2019 жылдың 2 шілде 2019 16:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкі тобының президенті Бандар Хаджармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкі тобының «Астана» халықаралық қаржы орталығын Басқару жөніндегі кеңестің отырысына қатысуы және Бандар Хаджардың Кеңес мүшесі лауазымына тағайындалуы Қазақстандағы исламдық қаржылық қызметті дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

- Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Үкіметі исламдық қаржыландыруды дамытуға зор көңіл бөліп отыр. Бізде ислам банкі мен қаржы мекемелерінің қызметі үшін барлық жағдай жасалған. Осы бағыттың табысты болатынына сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына Ислам даму банкінің қатысу мәселесі, соның ішінде басқа да исламдық қаржы институттарын тарту, «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында ИДБ құрылымдарын орналастыру, осы орталықтың биржасында ислам облигацияларын шығару жөнінде пікір алмасты.

Жоғары қарай