Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда БҰҰ Орнықты даму орталығын құруды ұсынды

2019 жылдың 26 қараша 2019 18:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттары орталығын ашуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның көпжақты құрылымдарға мүше болуын қауіпсіздік пен өсіп-өркендеудің тиімді тетігі ретінде қарастырамыз. Биыл мен Біріккен Ұлттар Ұйымы мінберінен Қазақстан Президенті ретінде алғаш рет сөз сөйледім.

Бас хатшымен жүздесіп, Қазақстан мен Ұлттар Ұйымы сенімді серіктес екенін растадық», - деп атап өтті Президент Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуде.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы мамыр айында Қазақстанда Халықаралық ұйымдардың жаңа ғимараты ашылғанын еске салды. Мұнда ғаламдық Ұйымның 16 агенттігі жұмыс істейді.

«Енді, осы ғимаратта Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттары жөніндегі орталығын ашуды ұсынамыз. Оған Орталық Азия елдеріне және Ауғанстанға қолдау көрсету мандатын беруге шақырамыз. Ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу Қазақстанның негізгі басымдығы ретінде сақталады. Осы ретте, дүниежүзілік қауымдастық мүшелерін Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларацияны қолдауға үндейміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жоғары қарай