Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қасым-Жомарт Тоқаев: Кеңес мүшелері нағыз отаншыл әрі интеллектуал азаматтар

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 14:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында елді жаңғырту бойынша мазмұнды, тиімді әңгіме болды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеңестің алғашқы басқосуына осындай баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында елді жаңғырту бойынша мазмұнды, тиімді әңгіме болды. Кеңес мүшелері нағыз отаншыл әрі интеллектуал азаматтар. Олардың ұсыныстарының көпшілігімен келісуге болады. Біртұтас іс-қимылдар жоспары әзірленеді», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.


Еске сала кетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

«Қазақстан Президенттік басқару формасындағы мемлекет ретінде қалуы керектігіне сенімдімін. Алайда Парламент саяси жүйедегі лайықты орнын алуы қажет», - деді жиында Президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанда саяси реформалар қажеттілігі пісіп-жетілгенін мәлім етті.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысын қорытындылаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құр ұрандатпай нақты жұмыс жасау қажеттігін айтты.



Жоғары қарай