Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қасым-Жомарт Тоқаев: Күмәнді стратегиялар мен бағдарламаларға қаражат жұмсауға қақымыз жоқ.

2020 жылдың 10 шілде 2020 14:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет экономиканы халыққа бұруы керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау, білім мен көмірсутегі құрамы аз технологиялар, ғылым мен экология ерекше назарды талап етеді. Басқаша айтқанда, біз экономиканы халыққа бұруымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы осы ретте қаражат тиімді жұмсалуы керектігін ескертті.

«Күмәнді стратегиялар мен бағдарламаларға қаражат пен күшті бағыттауға қақымыз жоқ. Ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылымдық реформаларды қолға алатын уақыт келді», - деді ол.


Жоғары қарай