Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекет өз азаматтарын тыңдауы керек

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 11:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам болып, жұртшылықты еңбекке баулу керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет өз азаматтарын тыңдай білуі тиіс. Ең бастысы тыңдауы керек. Біз мемлекеттің әлеуметтік саясатын қайта қарауымыз керек. Ұлттық экономика – біздің қазақстандықтардың әл-ауқатына негізделуі тиіс. Басқаша айтқанда, мемлекет табысын бөлуде әділдікті күшейтуге тиіспіз. Бірақ, масылдық пиғылдың орын алуына жол берілмейді. Өкінішке қарай, бұл кесел ұлттық мінез-құлқымызға кері әсерін тигізуде. Біз бүкіл қоғам болып, жұртшылықты еңбекке баулуға тиіспіз. Табысты жұмыс істегені үшін азаматтарды қаржылай ынталандыру керек. Бұл – мемлекеттің міндеті. Біз осы міндеттерді орындауымыз керек», - деді Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында.

Еске сала кетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр.

«Қазақстан Президенттік басқару формасындағы мемлекет ретінде қалуы керектігіне сенімдімін. Алайда Парламент саяси жүйедегі лайықты орнын алуы қажет», - деді жиында Президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстанда саяси реформалар қажеттілігі пісіп-жетілгенін мәлім етті.


Жоғары қарай