Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 380.19
EUR 419.01
RUB 6.08
CNY 54.81

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде Назарбаев мектебінің филиалын ашуды ұсынды

2019 жылдың 7 қараша 2019 20:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастығының маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың да маңызы зор. Бұл ретте келешегі әлеуетті салалардың қатарына спорттық білім, спорттық медицина, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, әуесқой және кәсіби спорт түрлерін дамыту жұмыстарын атап өтуге болады. Осыған байланысты спорт саласындағы бірлескен үш жылдық бағдарламаны әзірлеуді ұсынамыз», - деді Президент Омбыда өтіп жатқан «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында.

Мемлекет басшысы сонымен қатар, ғылым саласындағы ынтымақтастықтың да болашағы жарқын екеніне сенім білдірді.

«Әсіресе, фундаменталды ғылымдағы серіктестікті нығайту керек. Қазақстанның астанасында Бауман атындағы университет базасында физика-математикалық мектеп ашу бастамасын қолдаймыз. Сонымен бірге, Ресейдің шекаралас өңірлерінің біріне Назарбаев Зияткерлік мектебінің филиалын ашуға да болады. Ол мектепте білім беру деңгейі өте жоғары әрі жетекші елдердің стандарттарына сай келеді», - деді ол.

Еске сала кетсек, Президент бүгін «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға ұшып келген болатын.

Жоғары қарай