Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды әділ өткізу жайында: Жіті қадағалаймын

2020 жылдың 25 қараша 2020 13:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы Мәжіліс және мәслихаттар депуттарының сайлауымен басталуының символдық мәні зор. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы Мәжіліс және мәслихаттар депуттарының сайлауымен басталмақ. Мұның символдық мәні зор. Бұл дода барлық мерейтойлық іс-шараларға идеологиялық және мазмұндық тұрғыдан тың серпін беретіндігі анық. Алдағы сайлау қоғамның біртұтастығын және береке-бірлігімізді бекемдей түседі деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті бұл науқан ашық, әділ әрі заңды өтуі үшін барлық жағдайдың жасалатындығын баса айтты.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде мұны жіті қадағалаймын. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясына және Бас прокуратураға нақты тапсырма бердім. Барша сайлаушыларды азаматтық белсенділік танытып, сайлауға қатысуға шақырамын. Еліміздің игілігі және мемлекетіміздің мүддесі жолында табысқа бірге жете берейік. Отанымыз мәңгі жасасын! Халқымыз әрқашанда аман болсын!», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай