Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады

2019 жылдың 2 шілде 2019 19:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президентіне Парламенттің жоғарғы палатасының қазіргі жұмыстары және сайлауалды тұғырнаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, соның ішінде азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге қатысты жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы, есірткі таратқаны, әсіресе интернет арқылы таратқаны үшін жазаны қатаңдату қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қол астындағы қызметкерлердің жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылығы үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін заңнамалық нормаға енгізудің маңызды екенін атап өтті.

Жоғары қарай