Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдады

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 17:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Варшавада өткен әлем чемпионатында шахматтың «блиц» түрінен алтын және «рапид» бойынша күміс медаль иеленген жас шахматшыны жарқын жеңісімен құттықтады.

Бибісара Асаубаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, спорттағы мансабына қатысты алдағы жоспарымен бөлісті.

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваның әлемдік шахмат аренасында Қазақстанның намысын келешекте де лайықты қорғай беретініне сенімді екенін атап өтіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.






Жоғары қарай